Бұл туралы tengrinews.kz Vesti.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Спорт порталының мәліметінше, бұл жекпе-жекке орта салмақта бос қалған IBF белбеуі тігіледі. Кездесуді DAZN стриминг қызметі тікелей трансляциялайды.

Инсайдер Майк Коппинджердің (The Athletic) ақпаратынша, бұл жекпе-жек үшін Деревянченко бес миллион доллардан аса ақша алады, бұл оның карьерасындағы рекордты гонорар. Ал Головкин қанша алатынын чекте көрсетілмеген, алайда, оған сегіз санды кепілді сома төленетіні белгілі болды.

Бұл Головкиннің DAZN стриминг қызметімен келісімшарт бойынша екінші жекпе-жегі. Платформадағы алғашқы кездесуін GGG маусымда өткізіп, MSG аренасында канадалық Стив Роллсты (19-1, 10 КО) нокаутпен жеңген.

pavlodarnews.kz

Тэги: