Балалардың оқу портфелін дайындау және қажетті мектеп формасымен қамтамасыз ету үшін корпорация қызметкерлері қаражат жинап, әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға көмектесті.

- Баланы мектепке жинау көп шығынды талап етеді. Ал отбасында бірнеше бала болса, тіпті қиын, – дейді басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева. - Бұл шараға қатысуымыз корпорациямыздың әлеуметтік жауапкершілігінің тағы бір көрінісі. Көмек қолын созып, өз отбасының бюджетінен қаржы бөлген әріптестеріме алғысымды білдіремін.

Шара барысында облыстық филиал қызметкерлері 133 мыңнан аса теңге қаражат жинап, 20-дан астам баланың мектепке баруына жағдай жасады. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 200-ден аса балаға 2 миллионға жуық қаражат жинаған.

Қайырымдылық акциясы жыл сайын ҚР Білім және ғылым министрлігі мен «NurOtan» ХДП-ның ұйытқы болуымен өтеді.

 

Томирис Бекжан

Фото: Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім