Бұл туралы облыстық көркемсурет музейі мәлім етті.

- Аталмыш көрме көрермен үшін өте қызық болады. Себебі классикалық портреттер, натюрморттар мен пейзаждар абстрактілі авангард жұмыстарымен ұштасады. Ұсынылған шығармалардың авторлары ХХ ғасырдың 20-30 жылдары Мәскеу мен Ленинградтың көркем оқу орындарында академиялық білім алған, - деді музейде.

«Образдардағы тарих» көрмесі 19 автордың 27 кескіндеме және мүсін туындысын ұсынады.

Музейдегілердің айтуынша, әр суретші – өнердегі жеке тұлға. Әркімнің академиялық білімі болған. Сонымен қатар, өнерде де әрқайсысының өзіндік жолы салынған.

Фото: Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, көрме, музей