Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, кейбір павлодарлық жүргізушілер, егер камералар мен патрульдер көрінбесе, жол ережесін бұзуға болады деп санайды.

-    Бұл ретте, бағдаршамның тыйым салынған белгісіне немесе қарама-қарсы бағытқа шыға отырып, олар өздерінің ғана емес, жол қозғалысының басқа да қатысушыларының өміріне қауіп төндіретінін ескермейді, - деді баспасөз қызметінде.

Осы мақсатта байланыс құралдарымен, жылжымалы тіркеушілер және өзге де арнайы техникамен жабдықталған Қазақстан Республикасы ІІМ-нің мемлекеттік нөмірі белгілерінсіз  (түсті графикалық схемаларсыз және борттық нөмірлерінсіз) патрульдік автомобильдер пайдаланылады. Жасырын қадағалау қызметтік киім-кешекпен жүзеге асырылады.

-    Жыл басынан бастап қызмет өткерудің жасырын әдісін жүргізу нәтижесінде жол қозғалысы ережелерін дөрекі бұзған 97 жүргізуші анықталды. Оның ішінде 33 материал сотқа жолданды. Қарау нәтижесінде 17 құқық бұзушы жүргізуші куәлігінен айырылды, - деді департаментте.

Фото ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, жасырын бақылау, ПД