Естай атындағы мәдениет сарайында 2018-2019 оқу жылының қорытындысы шығарылды.



Облыс әкімінің орынбасары Асхат Оралов білім беру саласындағы жоғары кәсібилігі үшін ҚР Білім және ғылым министрлігінің Құрмет грамотасын 16 адамға, министрліктің алғыс хатын 13 адамға, Павлодар облысы білім беру басқармасының Құрмет грамотасын 6 адамға табыстады.



Сондай-ақ қаладағы педагогикалық еңбек шеберлерінің аты жазылатын «Алтын есімдер кітабына» 3 ардагер ұстаздың есімі енді.

Сонымен қатар, қала әкімі Қайрат Нүкенов 5 ұстаз, тәрбиешіні арнайы сыйақысымен, 8 адамды Құрмет грамотасымен және 10 қызметкерді алғыс хатымен марапаттады.



2018-2019 оқу жылындағы рейтингтік бағасы бойынша үздік атанған 6 мектепке дейінгі ұйым мен жалпы білім беретін мектеп сертификаттарға ие болды. №120 балабақша мен №34 мектеп 6 миллион теңгенің, №126 балабақша мен Мұхтар Әуезов атындағы мектеп 5 миллион теңгенің, №49 балабақша мен Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп 4 миллион теңгенің сертификатын алды.



Оған қоса, балалардың жазғы демалысын, сауықтырылуын және бос уақытын тиімді ұйымдастыру бойынша өткен «Жаз – 2019» қалалық байқауының жеңімпаздары атанған  №34 мектеп пен Экология және туризм балалар орталығы қаржылай сыйлыққа қол жеткізді.



Шара соңында кеңеске қатысқан білім саласының қызметкерлері үшін концерттік бағдарлама ұйымдастырылып, жергілікті өнерпаздар мен өнер ұжымдары мерекелік көңіл-күй сыйлады.

Оразбек Саяхат
Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қала, тамыз кеңесі, білім