Agro Capital  ЖШС-нде өнімдерін өткізу жөніндегі жоспарларымен Железин ауданында жұмыс сапарымен болған Павлодар облысының әкімі Болат Бақауовпен бөлісті.

Кәсіпорын басшысы Талғат Шотбақовтың айтуынша, бүгінгі таңда компания 1,9 мың гектар суармалы жерді  қолданысқа енгізген, оның 400-ін  картоп алып жатыр.

- Картоп түсімі гектарына 46-50 тоннаны құрайды, -  дейді  Agro Capital  ЖШС директоры. - Біз Қазақстанның «Магнум» сауда желісімен 4 мың тонна  картоп жеткізу туралы келісімшарт жасастық. Түрікменстанның өкілдерімен 2 мың тонна картопқа арналған экспорттық сипаттағы келісімшарттар бар.

Сондай-ақ, Өзбекстанға картоп жеткізетін жергілікті жеткізушілер және трейдерлермен келісімшарттар бар. Бұл жағдайда 6 мың тонна біздің өнім туралы сөз қозғалуда. Биылғы егіннің жалпы көлемі 16 мың тонна. Олардың 10 мыңы Павлодар облысынан тыс аумақтарға, қалғандары аймақ ішінде сатылады.

Талғат Шотбақов атап өткендей, жыл сайын кәсіпорын меншікті қойма үй-жайларының қуатын арттырады. 2019 жылы ЖШС 2,9 мың тонна көкөніс сақтау қоймасын қолданысқа енгізуге уәде берді.

- Жалпы біздің компания өз есебінен жұмыс істейді, алайда мемлекет тарапынан жақсы қолдау бар, - дейді ауыл шаруашылығы компаниясының басшысы. – Бізге суаруға қажетті барлық инфрақұрылым - сорғы станциясы, су таратқыш және желі электр беруді сенімді басқаруға тапсырылды. 

Magnum Cash & Carry  - Қазақстандағы ірі сауда-бөлшек желісі. Компания 2007 жылы құрылды. Кең тұтынылатын тауарларды өткізу негізгі қызмет болып табылады.

Жұмыс істеген жылдары «Magnum» компаниясының дүкендері 60 желіге жетіп, Қазақстанның 9 қаласында ұсынылған.

Фото: Валерий Бугаев

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, экономика