Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін түсіндіру бойынша өткен облыс активінің отырысында аймақ басшысы Болат Бақауов мәлім етті.

- Президенттің тағы бір тапсырмасы – эко және этно-туризмді дамыту, - деді Болат Бақауов. - Маралды, Торайғыр және Сабындыкөл көлдерінің танымалдығы артып келе жатқанын атап өткім келеді. Аймақта адамдар Қазақстанның түкпір-түкпірінен келетін Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің кесенесі сияқты киелі орындар бар. Бірақ біздің облысымыз одан да көп туристерді қабылдай алады. Оның ішінде шетелдіктер де бар. Ең бастысы, оларға жайлылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету қажет. Жолдар жөнделді, енді инфрақұрылымға қатысты мәселе қалды.

Сонымен қатар, облыс әкімі көп жылдар бойы өңірдегі ащы-тұзды көлдерде браконьерлік есебінен  артемии салин цистасының 75%-ға жуығы заңсыз алынғанына тоқталды.

- Президент ұйымдасқан қылмыстың қауіпті түрі ретінде браконьерлік мәселесіне ерекше назар аударды, - деп атап өтті аймақ басшысы. - Шаяндарды өндіруден алынатын қомақты қаражат мемлекеттік қазынаны айналып өтеді, көлдер жоғары криминогендік белсенділік аймағына айналды. Жергілікті тұрғындардың көмегімен әртүрлі топтар резервтегі көлдерде артемия цисталарының реттелмейтін көлемін өнеркәсіптік көлемде өндіреді. Бұл экологияға зиян келтіреді және тұрақты көлеңкелі бизнес пен сыбайлас жемқорлық көріністеріне әкеледі. Мұның бәрі әртүрлі әлеуметтік қақтығыстардың пайда болуына негіз болады. Мемлекет басшысы Үкіметке екі ай ішінде тиісті заңнаманы қатаңдату жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырды.

Ақбота Сейсенбаева

Фото:  Константин Музалевский

pavlodarnews.kz

Тэги: Баянауыл, туризм, қоғам, Павлодар облысы