Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз қызметінде «Азаматтарға арналған үкімет» МК» КЕ АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының директоры Фархат Әлімов мәлім етті.

- Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер тізіліміне сай қазіргі таңда 742 мемлекеттік қызмет тіркелсе, оның 635 қызметі корпорация арқылы ұсынылады және 532-сі электронды форматта қолжетімді, - деді Фархат Әлімов. – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Павлодар облысы бойынша филиалы арқылы ағымдағы жылдың 7 айында 723 533 қызмет көрсетілсе, оның 504 582 қызметін павлодарлықтар Connection Point секторында өз бетінше алған. Сондай-ақ аймақ тұрғындары 150 мыңнан аса электрондық цифрлық қолтаңба рәсімдеп, 350 мыңнан астамы мобильді азаматтар базасында тіркелген.

Спикердің айтуынша, қазіргі уақытта Павлодар облыстық филиалында 17 фронт-кеңсе, мамандандырылған 1 ХҚКО мен жуырда ашылған көші-қон қызметтері және цифрлық қызметтер орталығы жұмыс істейді.

- Көші-қонға арналған орталықта шет елдік азаматтарға қызмет көрсетіледі, - деді Фархат Әлімов. – Бұрын шет елдіктерге арналған қызмет 5 жұмыс күні аралығында көрсетілсе, қазір 1 сағаттың ішінде толық алып шығуға болады. Оған қоса, мамандандырылған ХҚКО-да бұрын қызмет 2 сағатта көрсетілсе, қазір 40 минут ішінде алуға болады. Ол үшін толық электрондық форматқа көштік.

Сонымен қатар, облысымыздағы үлкен ХҚКО-дың бірі саналатын Павлодар қаласы, Есеналиева 24 мекенжайында орналасқан орталықта жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі көлемі 300 шаршы метр болса, жөндеуден кейін аумақ 700 шаршы метрге дейін ұлғаяды. Яғни қызмет көрсету көлемі де артады.

Оразбек Саяхат
Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, ХҚКО, мемлекеттік қызмет