Ақтоғай ауданы кәсіпкерлік палатасының директоры Нариман Рахымжановтың айтуынша, дәріс барысында әр адам өзінің бизнес жоспарын бизнес тренермен талқылап, есептеп, қорғауға дайындайды. Өз ісін енді бастаған кәсіпкерлерге берілген қаржының мақсатты жұмсалуы 1 жыл бойы бақылауда ұсталынады. Курсты аяқтағаннан кейін білім алушылар   сертификаттарға ие болған. 

100 АЕК - 252 мың теңге көлемінде грант алғандардың бірі Максим Христодоров автокөлік жөндеумен айналысуды жоспарлап отыр.

- «Бастау Бизнес» бағдарламасы бойынша жаз айының басында кәсіпкерлік негіздерін үйрінеп, сертификат алдым, - дейді Максим Христодоров. - Өзімнің автобөлшектер сататын дүкенім бар. Қазіргі уакытта техникалық қызмет көрсету станциясының құрылысын бастадым. Бөлінген қаржыға дәнекерлеу машинасы және компрессор сатып алдым. ТҚКС-на қажетті құрал-жабдықтар сатып алу үшін грант сомасы аз болғандықтан 6 миллион теңге несие алуға құжаттар жинап жатырмын.

 Жоспар бойынша нысанның құрылысы келер жылдың көктемінде аяқталады.

Айгүл Жүсіпова

Фото: Ольга Бугаева

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Бастау бизнес, Павлодарская область, Актогайский район, бизнес, предпринимательство