Бұл туралы Павлодар облысы бойынша «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалы хабарлайды.

Осы өңір пилоттық аймақ ретінде жайдан жай таңдалған жоқ. Цифрланған медицина, дамыған аурухана желісі және жоғары деңгейлі мамандар – бұның барлығы алдын ала кемшіліктерді анықтауға және оларды 1 қаңтарға дейін жедел түзетуге мүмкіндік береді.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басқарушы директоры Нұрлан Қасымовтың айтуынша, Қарағанды қала мен ауыл тұрғындары, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар мен бизнес өкілдері бірқалыпты көрсетілген үлкен шаһар.Пилоттық жоба аясында нормативтік-құқықтық базаға, ақпараттық жүйелердің дайындығына, медициналық қызметтерді тұтынушылардың есебіне,сатып алу мен төлемді жетілдіруге барынша назар аударылды.

Естеріңізге сала кетейік, тегін кепілдендірілген медициналық көмек көлемі пакетіне медициналық қызметтердің базалық тізімі кіреді, ол ҚР барлық азаматтарына қолжетімді болады. Медициналық сақтандыру пакеті базалық көлемнен тыс медициналық қызметтердің кең көлемін қамтиды. Оны сақтандырылған қазақстандықтар ғана пайдалана алады. Айта кету керек, ел азаматтарының басым бөлігіне қос пакет те қолжетімді болмақ – 15 жеңілдік санатына кіретіндер үшін мемлекет қаржы аударады (11 млн. қазақстандық үшін).

«Ешкім медициналық көмексіз қалмайды. Сақтандырылған азаматтар төленген жарналардың көлеміне қарамай, қымбат медициналық қызметтерді ала алады.Қазір заңсыз жұмыспен қамтылғандар үшін медициналық сақтандыру туралы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілуде», - деп атап өтті Нұрлан Қасымов.

Пилоттық жоба ағымдағы жылдың соңына дейін жұмыс істейді.Қарағандыда ағымдағы нәтижені тіркеп, мониторингілеу мақсатында жобалық офис құрылды. Оның қорытындысы бойынша жүйелі түрде ұсыныстар қабылданады.

Медициналық сақтандыру жүйесін тестілеуден өткізуге республикалық бюджеттен 2,3 млрд теңге бөлінді, оның 1,8 млрд теңгесі жұмыс істейтін ересектер мен 18 жасқа дейінгі балаларға жұмсалады. 175 мыңнан астам адам жүрек-қан тамыры жүйесі, қант диабеті, глаукома және вирустық гепатит ауруларының алдын алу үшін тексерілуден өтулері тиіс. Тағы 450 млн теңге инсульт, инфаркт, ауыр жарақат алған және күрделі ота жасатқан тұлғаларды сауықтыруға бағытталады.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырудың ел көлемінде енгізілуіне санаулы айлар қалды. Айта кетерлігі, 2020 жылдың наурыз айының соңына дейін қазақстандықтарсақтандыру жүйесіне қарамастан, екі пакет бойынша медициналық көмек ала алады. Ал сәуірден медициналық көмек екі пакетке бөлінеді – тегіні еліміздің әр азаматы үшін және қосымша пакет – сақтандырылғандарға арналады. Осы үш ай ішінде белсенді түрде тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы толық ақпаратты Қордың fms.kz сайты бойынша ала аласыз. Сондай-ақ Қазақстан бойынша 1406 номеріне медициналық сақтандыру туралы кез келген сұрақ қоюға болады, қоңырау шалу тегін. Байланыс орталығы жұмыс күндері 9:00-ден 18:30-ға дейін жұмыс істейді.

Медициналық сақтандыру пилотты тәртіпте енгізіліп отырған Қарағанды облысының тұрғындары да сауалдарымен келесі азаматтарды қабылдау кабинетіне жүгіне алады: Қарағанды қ., Әлиханов көш., 2.Байланыс телефоны: 8 (7212) 604-483.

2020 жылдың басынан бұндай кабинеттер Қордың әр аймақтық филиалында жұмыс істейтін болады.Әзірше Қордың Павлодар облысы бойынша филиалынан 37-19-04 номері бойынша міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды енгізу бойынша жеке кеңес алуға болады.

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: