Аймақ басшысы Ақсудағы ферроқорытпа зауыты аумағындағы аудандық жылыту қазандығында және «ЕЭК» АҚ станциясында болды. Павлодарда әкім қаладағы барлық жылу электр орталықтарын аралады.



-    Бірде-бір станцияда мәселе жоқ, - деді Болат Бақауов. – Ақсу және Павлодар станциялары 15 қыркүйектен бастап жылу беруді бастауға дайын. Бүгінде ыстық су бойынша мәселелер бар. Оларды он күн ішінде жою жоспарланған.



Жұмыс сапарының қорытындысындағы жиында «Павлодар жылу желілері» ЖШС өкілдері жөндеу науқанының барысы туралы баяндады. Күрделі жөндеу жоспарланған 9,2 шақырымдық құбырдың 8 шақырымы тапсырылған. Сынақтарға келетін болсақ, сынақ өткеннен кейін желіден 150 ақау шыққан.



-    Көптеген ақауларға байланысты біз магистральдық желілерде барлық дерлік жұмыстарды аяқтағанымызбен, күрделі жөндеу бойынша кешігудеміз, - деді «Павлодар жылу желілері» ЖШС басшысы Марат Иманаев. - Жылыту маусымы басталмас бұрын бәрін жасаймыз.



Белгілі болғандай, соңғы бірнеше жылда коммуналшыларда желілерді жетілдіргеннен кейін асфальт төсеген мердігерлерге қатысты мәселелер болған. Қазір компания жол техникасын сатып алып, шағын учаскелерде өз күштерімен асфальт төсеуде. Аймақ басшысы жолды жөндеу жұмыстарын жылы уақытта жүргізуді талап етті. Ол қыста желіні жөндеу жұмысы жүргізілген барлық жолдар қалпына келтірілуі керектігін атап өтті.

Дулат Райымбек
Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, ЖЭО, жылу маусымы