- Біз үш күнде екі - моторлы және ескегі бар қайықта жүздік, - дейді топты бастаушы, жарнама агенттігінің 24 жастағы жетекшісі Сергей Черкаса.  –  Ямышево ауылынан жүзуді бастадық. Мақсатымыз – павлодарлықтарға Ертісті таза ұстау қажеттілігін жеткізу.

Жас жігіттің айтуынша, су тыныш болған. Таңқаларлығы, қоқыс топ мүшелері күткендей көп болмаған.

- Ұжым тез жиналды. Көбісі бір-бірін танымайтын. Бірақ жігіттер өзенді тазартуға көмектесуге және өз үлестерін қосуға ниеттерін білдірді, - дейді жоба жетекшісі.

Ерекше экипаждағы жалғыз ару – С.Торайғыров атындағы ПМУ химиялық технология және жаратылыстану факультетінің төртінші курс студенті Айбота Мұхамеджанова.

- Мен әрдайым күркеде қонуды және моторлы қайыққа отыруды армандайтынмын, - дейді студент қыз. – Бұл арманым орындалды. Сонымен қатар, мен судан қорқамын. Оcы шара маған бұл фобияны жеңуге көмектесті. Мен осы сапарға шыққаным үшін өкінбеймін және оны қайталауға дайынмын.

Айта кетейік, қоқыстан тазарту шарасы «Ертіс думанын» мерекелеу аясында жүзеге асырылды.

Дулат Райымбек
Фото: Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, «Ертіс думаны», тазарту, қоғам