Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров айтты. 

Аталмыш жобаны ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитеті биыл қазан айында енгізуді жоспарлап отыр.

- Егер біз ауыр емес немесе орташа дәрежедегі қылмыстарды тексеретін болсақ, қылмыстық құқық бұзушылықтардың барлық құрамы жедел-тергеу тобы келген сәттен бастап іс электрондық форматта аяқталғанға дейін жүргізіледі, - деді Жасқайрат Қайыров. - Бұрын адамдардан сол жерде, содан кейін олардан кабинеттерде қайтадан жауап алатын. Бұл көп уақытты алды, ал электрондық формат бұл процесті жеңілдетеді.

Жайсқайрат Қайыровтың айтуынша, тамыз айында «Электрондық қылмыстық іс» жобасын іске асыру басталған. Қазір Е-қылмыстық іс жүйесі қызметкерлерін оқыту жүріп жатыр.

- Электрондық форматта жұмыс істейтін 229 орын анықталды, талаптарға сәйкес 919 іс жүзеге асырылуы тиіс, қосымша 85 млн теңгеден астам компьютерлер мен әртүрлі қажет заттар сатып алынады, - деп толықтырды спикер.

Бұдан басқа, ДП бастығы орынбасарының ақпараты бойынша, әкімшілік өндірістің электрондық форматына көшу әкімшілік материалдарды құруды бес минутқа дейін қысқартуға мүмкіндік берді.

Электрондық форматта 41 985 әкімшілік құқық бұзушылық тіркелген. Сол бойынша облыс бюджетіне 195 млн 923 мың теңге көлемінде айыппұл өндіріп алынған, өндіру 80,4 %-ды құрады.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам