Облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының мәлімдеуінше, топ құрамына депутаттар, қоғам белсенділері, жастар ҮЕҰ және мемлекеттік орган өкілдері кірген.

- Ақпараттық топтар халықтың әлеуметтік топтарымен жан-жақты конструктивті диалог түрінде түсіндірудің жаңа нысандарын қолданды, - деді басқармада. – Барлығы 5000-нан астам адамды қамтыған 26 кездесу өткізілді.

Еске салайық, 4 қыркүйекте ҚР Президентінің Қазақстан халқына арнаған Жолдауын талқылау бойынша облыс активінің отырысы өткен болатын. 5 қыркүйекте өңірдің барлық қала және аудан активтерінің отырысы өтті.

Фото облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасымен ұсынылды

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Жолдау, қоғам