Бұл туралы қалалық мәслихаттың 2019-2021 жылдарға арналған Павлодар қаласы кенті, ауылдық округтері мен кейбір ауылдарының бюджетіне өзгерістерді бекітуге арналған кезекті сессиясында белгілі болды.

- Жалпы қаладағы ауылдық елді мекендер бюджеттерінің нақтыланған көлемі 2019 жылға 854 144 мың теңгені құрады немесе 44 564 мың теңгеге артты, - дейді Павлодар қаласы экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінде. - Оның ішінде бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын арттыруға – 20 843 мың теңге, бюджеттің жалпы көлемін өзгертпей, өз қаражатын шартты үнемдеуді қайта бөлу есебінен қосымша іс-шараларды іске асыруға 9 122 мың теңге сомасында, кент аумағын абаттандыруға сметалық құжаттаманы әзірлеуге – 1 014 мың теңге, әкімдік ғимаратының жылу жүйесін ағымдағы жөндеуге – 1 955 мың теңге, жиынтықта 3 компьютер сатып алуға – 1 156 мың теңге, электр энергиясын жеткізуге, көше жарығының сыртқы желілерін ағымдағы жөндеуге және қызмет көрсетуге – 4 146 мың теңге және балаларды тасымалдау үшін ЖЖМ сатып алуға 851 мың теңге қарастырылған.


Кенжекөл ауылдық округінің бюджеті 2019 жылы ауылдық округтің нақтыланған бюджетінің көлемі 223 075 мың теңгені құрайды немесе 7 703 мың теңгеге ұлғайған. Бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысын арттыруға – 9 703 мың теңге,  бюджеттің жалпы көлемін өзгертпей, өз қаражатын шартты үнемдеуді қайта бөлу есебінен қосымша іс-шараларды іске асыруға – 1403 мың теңге сомасында, аппараттың әкімшілік-шаруашылық шығыстарына – 410 мың теңге, стритбол алаңдарын ағымдағы жөндеуге 68 мың теңге бағытталған.

Еске сала кетейік, облыста циклахена 118 гектарда өседі. Әрбір ауданда 100% механикалық өңдеу жүргізілді: отау және шабу. 

Ақбота Сейсенбаева

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: