Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі хабарлайды.

Билеттерді онлайн түрде сататын Тикетон сайтының мәліметі бойынша, «Астана» мен «Манчестер Юнайтед» кездесуіне кірудің ең арзан билетінің бағасы – 4000 мың болса, ең қымбаты 55 мың теңге тұрады.

Ал өзге топтағы екі команда Сербияның «Партизан» және Голландияның АЗ командаларымен ойынның билеттері 1500-12000 теңге аралығында.

Айта кетейік,елорда командасы аталған командалармен Еуродода ойындарында бірінші рет кездескелі тұр.

«Манчестер Юнайтед» Англияның 20 дүркін чемпионы, УЕФА Чемпиондар лигасының үш дүркін жеңімпазы.

«Астананың» қатысуымен өтетін L тобындағы ойындардың кестесі:

9.09.2019
«Манчестер Юнайтед» – «Астана»;

3 қазан
«Астана» – «Партизан»;

24 қазан
«АЗ Алкмар» – «Астана»;

7 қараша
«Астана» – «Аз Алкмар»;

28 қараша
«Астана» – «Манчестер Юнайтед»;

12 желтоқсан
«Партизан» – «Астана».

pavlodarnews.kz

Тэги: