Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, 11 қыркүйекте таңғы сағат 8.00-де бордақылауда тұрған өгіз босатылып кетіп, ауылдың табынына қосылып кеткен.

- Малды үйге қайтарамын деген иесі оның соңынан жүгірген. Асыл тұқымды өгіз иесін жаралап, салдарынан 62 жастағы ер адам қайтыс болды. Ұзаққа жоғалып кеткен әкесінің денесін ұлы тапқан, - деп хабарлайды полицейлер.

Аталған факті тіркелді, сараптама тағайындалды.

pavlodarnews.kz

Тэги: жазатайым оқиға, мал, өгіз, адам өлімі