Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитеті Павлодар облыстық аумақтық инспекциясының басшысы Рашид Нұрбеков айтты.

- Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасындағы өткізу пункттерінде Еуразиялық Экономикалық Одаққа мүше мемлекеттермен агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру жол картасы жоспарын орындау барысында жыл соңына дейін аймақта сегіз ветеринарлық бекетті ашу жоспарланып отыр. Ішкі бекеттер Аққулы және Май аудандарында, біреуі Қарағанды облысымен шекарас Баянауыл ауданында болады, - дейді Рашид Нұрбеков.

Инспекция басшысы ветеринария пункттерінде агроөнеркәсіптік кешен, мемлекеттік кірістер департаментінің мамандары мен агрономдар тәулік бойы жұмыс істейтінін айтады.

- Бүгінгі таңда бір пунктке адамдар шығарылған, - дейді Рашид Нұрбеков. – Бақылау-қадағалау қызметін атқарады. Жүк келген кезде біз көрмей қалуымыз мүмкін, ал ол жерде жүк тоқтайды. Төрт ауысымдық бекеттерге 32 адам қажет. 2019 жылғы 14 маусымнан бастап Успен ауданында Ресей Федерациясымен шекаралас аумақта «Қосақ» бастапқы хабарлама пункті ашылды. Ветеринарлық бекет ҚР ҰҚК Шекара қызметінің шлагбаумынан 40 метр қашықтықта орналасқан. Пункт мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыру үшін қажетті жабдықтармен және аспаптармен жабдықталған.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ӨКҚ

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, ветеринарлық бекет, Павлодар облысы, ауыл шаруашылығы