Мәдениет ошағының қызметкерлері бірігіп қаржы жинап, сәбилер үйіне егіздерге арналған арба, қос мольберт, аяғын басып келе жатқандарға арналған жүріс арбасын және құрастырма ойыншықтар тарту етті.

Театрдың әдеби-драма бөлімінің меңгерушісі Нұркен Тұрлыбек ұжымның 30-шы маусымды қайырымдылықпен ашқысы келгенін атап өтті.

- Бұл іс ел көзіне түсіп қалу үшін жасалған іс емес, - деді Нұркен Тұрлыбек. – Жетімін жылатпаған халық болғаннан кейін бүлдіршіндерімізге қуаныш сыйлап, жақсылық жасағымыз келді. Осы арқылы өзге ұйымдарға үн қатсақ, басқа да мекеме ұжымдары бұл бастаманы қолдаса деген мақсатпен жасалды. Игі іске театрымыздың ұжымы жұмыла кірісіп, әрбірі шамасы келгенше көмектесті.

Айта кетейік, Павлодар облыстық мамандандырылған сәбилер үйінде қазіргі уақытта ата-анасының қамқорлығынсыз және жетім қалған жаңа туылған сәбиден бастап 4 жасқа дейінгі 55 бала бар.

Еске салайық, Ж.Аймауытов атындағы театр тарихи 30-маусымын ашқан болатын. Театр ұжымында 162 қызметкер жұмыс жасайды.

Оразбек Саяхат
Фото: @teatr_pavlodar

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, театр, ұжым, қайырымдылық, сәбилер