Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық білім басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы айтты.

- «Мектепке жол» республикалық акциясы облысымызда «Жүректен жүрекке!» ұранымен 2019 жылғы 1 шілдеден 30 қыркүйекке дейін жалғасты, - деді Дінислам Болатханұлы. - Облыстың барлық қалалары мен аудандарында «Мектепке жол» акциясын өткізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітіліп, мектеп жәрмеңкелері, қайырымдылық концерттері, брифингтер ұйымдастырылды. Жиналған соманың ішінде демеушілерді тарту есебінен 6619 оқушыға 49 млн 316 мың теңге сомаға көмек көрсетілді.

Басқарма басшысының сөзінше, акцияға шағын және орта бизнес өкілдері, облыс кәсіпорындары, мемлекеттік құрылымдар, мәслихат депутаттары және үкіметтік емес ұйымдар белсенді қатысқан.

Облыс мектептерінде акция өткізу бойынша ақпараттық-түсіндіру материалдары бар стендтер жабдықталған, сайттарда ақпараттық парақшалар орналастырылған. Білім басқармасында, қалалар мен аудандардың білім бөлімдерінде сенім телефондары жұмыс істейді, барлық өтініш білдірушілерге көмек көрсетіледі.

Сонымен қатар, білім басқармасының жедел желісі телефонына, балалардың құқықтарын қорғау және инклюзивті білім беру бөліміне ауызша және жазбаша өтініштер қабылданды. Акция барысында барлық өтініш білдірушілер киім, аяқ киім, кеңсе тауарлары түрінде материалдық көмекке ие болған.

Айта кетерлігі, 2018 жылы акция қорытындысы бойынша 150 млн 805 мың теңге сомаға 17889 оқушы материалдық көмек алған. Оның ішінде демеушілерді тарту есебінен 7371 оқушыға 63 млн 502,1 мың теңге сомасында көмек көрсетілген.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ӨКҚ

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім