«Флора» шаруа қожалығы директорының өндіріс жөніндегі орынбасары Вера Жармағамбетованың айтуынша, бұл қала әкімі Қайрат Нүкеновтің тікелей тапсырмасы. Шаһар басшысы бірнеше ай үңірейіп тұрған гүлзарларды ретке келтіруді аталған ұйымға жүктеген.

- Жазда мұнда «Дендро» ЖШС гүл еккен болатын. Алайда, күннің ыстығынан ба әлде гүлдердің жеткілікті мөлшерде суарылмағанының салдарынан ба өсімдіктер тез солып қалды. Біз бұл жерді топырақтан тазартып, жасанды лалагүл орнатудамыз, - дейді Вера Жармағамбетова.

Екібастұздық мердігерлердің сөзіне қарағанда, жұмыстар кеше басталып, жексенбі күні аяқталады деп жоспарлануда. Гүлзардың тек бір қондырғысына 340 лала гүлдері қажет. Гүлдер ақ, сары және қызыл түсті.

- Бұл гүлдер екі жыл шыдауға жарамды, - деп сендіреді Вера Жармағамбетова. – Қысы-жазы осында орналастырылатын болады. Аталған жұмысты атқаруға жұмсалған қаражатты әлі есептеген жоқпыз. Дегенмен, бұл миллиардтар, тіпті миллион теңгені де қажет етпейтін іс.

Айбек Жұматов

Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: абаттандыру, көгалдандыру, гүлзар, гүл