Бұл туралы өңірлік статистика департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

 - 2019 жылғы I тоқсандағы (алдын ала деректер бойынша) халықтың орта есеппен жан басына шаққандағы атаулы ақшалай табыстары 98416 теңгеге шығады. Бұл 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 12,5%-ға артық көрсеткіш. Көрсетілген кезеңдегі нақты ақшалай табыстары 7,3%-ға артты, - дейді департаментте.

 2019 жылғы II тоқсандағы қызметкерлерге есептелген орташа айлық атаулы жалақы 157,3 мың теңгені, немесе 2018 жылдың сәйкес тоқсанына 114,3%-ды құрады. Нақты жалақы индексі 109,2% құрады. Жалдамалы қызметкерлер саны 198,2 мың адам құрады.

2019 жылғы II тоқсанда жұмыс күшінің саны 410,9 мың адамды немесе 15 жас және одан жоғары жастағы халық санының 70,6%-ын құрады. Жұмыссыздық деңгейі жұмыс күші санына 4,7%-ды құрады.

Жұмыспен қамту органдарында жұмыссыздар ретінде тіркелгендер саны 2019 жылғы тамыздың соңына 9,3 мың адамды немесе жұмыс күшіне 2,3%-ды құрады.

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам