Бұл туралы Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап хабарлайды.

"Республиканың оңтүстік жартысына белсенді бұлтпен, кей жерлерде найзағаймен өткінші жаңбыр тудырып, Қазақстанның оңтүстік, орталық және оңтүстік-шығыс аймақтарында бұршақ жаууы ықтимал. Ал Ресейдің Еуропалық бөлігінің солтүстік-батыс аймағынан келетін атмосфералық фронттармен республиканың батыс және солтүстік өңірлерде найзағаймен жаңбыр, екпінді жел күтіледі", - делінген хабарламада.

Синоптиктердің мәлімдеуінше, климаттық нормаға жақын ауа температурасы болжанады, ал үсік Қазақстанның тек шығысында болуы ықтимал.

pavlodarnews.kz

Тэги: