Жарысқа Қырғызстан, Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Көкшетау, ШҚО, Павлодар командалары, Павлодар облысының аудан құрамасы қатысты.

Турнирдің басты ұйымдастырушысы – V және VI халықтық спорт ойындарының күміс жүлдегері, сондай-ақ республикалық және халықаралық деңгейдегі әртүрлі турнирлердің жеңімпаздары атанған «Ұлан» волейбол командасы.

- Осындай форматтағы әуесқойлар арасында турнир бізде алғаш рет өткізіліп отыр, - дейді «Ұлан» капитаны Әділ Жүнісов. - Оған басқа облыстардан келген спортшыларды шақырдық. Көрші облыстарда мұндай турнирлер жиі ұйымдастырылады. Біз командамыздың құрылғанына алты жыл толуына орай спорттық шараны өткізуге бастамашы болдық..


Команда құрамындағы ойыншылардың басым бөлігі кезінде «Ұлан» республикалық гвардиясы қатарында бірге қызмет еткен және соның құрметіне орай өз командаларын «Ұлан» деп атаған. 

Жастар жылы аясында ұйымдастырылып отырған шараның мақсаты – спорттық шеберлік деңгейін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, жастар арасында волейболды жан-жақты дамыту.



pavlodarnews.kz

Тэги: спорт, волейбол, «Ұлан», Павлодарская область