Екі күндік ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі «Хан Шатыр» маңында ашылды. Алғашқы сатып алушылар таңғы сағат сегізде сауда қатарларына созылды.



- Біз Германиядан келген қонақтарды күтеміз және оларды дәмді бешбармақ ұсынғымыз келеді, сондықтан етті базардан алуды жөн көрдік, - дейді астаналық Елдос Сәрсенбиев. - Демалыс күндері елорданың орталығында осындай сауда өтетіні өте ыңғайлы. Ең бастысы, табиғи және жаңа өнімдер. Железин ауданынан әкелінген ет үшін жеке рахмет.

Үлкен кезек картоп пен көкөніске, сондай-ақ ет және шұжық өнімдері бар павильондарда тізілді.

Сатып алушылардың айтуынша, жәрмеңкедегі баға супермаркеттерге қарағанда айтарлықтай төмен.

- Біздің отбасымызда «Рубиком» шұжықтарын жақсы көреді, жәрмеңкеде баға біздің дүкендерге қарағанда 300-400 теңгеге арзан, - дейді зейнеткер Ольга Потемкина. - Сондықтан қызыммен бірге молынан шұжық пен сосискалар сатып алдық. 

Сиыр етінің бір келісі - 1500 теңгеге, көкөніс пен қарбыздың бір келісі -70 теңгеге және жұмыртқаның ондығы 225 теңгеге сатылды.

 Аймақтық ауыл шаруашылығы басқармасында елордада Павлодар өндірісінің өнімі әрдайым танымал екенін айтады.

- Алғашқы сағатта жәрмеңкеге 6-7 мыңға жуық адам келді, - дейді ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрлан Садыбеков. – Келесі айда 12-13 қазанда павлодарлық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері елордада тағы бір жәрмеңке ұйымдастырады. Барлық Нұр-Сұлтан тұрғындарын шақырамыз!



Фото: Серік Қапаров

pavlodarnews.kz

Тэги: сельхозярмарка, Нур-Султан, Павлодарская область

Похожие материалы: