«Asia Youth International Model United Nations 2019» - БҰҰ моделінің Халықаралық конференциясы. Конференцияның басты мақсаты мен міндеті - қазіргі әлемдегі адамзат қауіпсіздігі мәселелерін талқылау және шешу.

Конференция қатысушысы Динара Әбеннің айтуынша, керемет эмоция мен баға жетпес тәжірибе сыйлаған аталмыш шара оның болашағының берік іргетасы болмақ. Ол әлемнің 79 елінен 35214 үміткердің арасынан таңдаған қатысушылардың бірі. Конференция Азия, Африка, Еуропа, Америка және мұхит елдерінің 79 елінен 1520 делегатты, түрлі ұлт өкілдерін біріктірді. Ол Америка Құрама Штаттарының өкілі бола отырып, БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің комитетіне қатысқан. Аталған комитетте « Әлем қару саудасы шегінде» тақырыбына арналған.

Төрт күн өткен конференцияда БҰҰ комитеттерінің ашылу және жабылу рәсімдері, сессиялары және Ұлттық шеру ұйымдастырылды. Шараның спикерлері ретінде Малайзияның болашақ сұлтаны, Селангор ханзадасы Тенгу Амир Шах, Бельгия елшілігінің өкілдері және Индонезия аруы Фредерика Алексис Кулл сөз сөйледі.


- Конференция бағдарламасы өте жарқын және мазмұнды болды, - дейді Динара Әбен. - Екі күн ішінде біз еліміздің спикері ретінде қатысып, белсенді пікір таластырдық. Ал, конференцияның соңғы күні біз ұлттық шеруге қатысып, Қазақстанды мемлекетіміздің Елшілігімен бірлесіп таныстырдық. Бұл сапар менің алдыма тамаша әлемді ашып, қазақстандықтар тарапынан үлкен қолдауды сезінуге мүмкіндік берді.

Айта кетейік, Динара Әбен «Жас ғалым» ғылыми жобалар республикалық байқауының 1 орын иегері, халықаралық Сәтбаев оқуларының қатысушысы. Назарбаев университетінің «Біріккен ұлттар ұйымы» конференциясының халықаралық деңгейдегі «best position paper», Жастар жылы аясында өткен «Discovery Kazakhstan» эсселар байқауындағы ең үздік жұмыс номинациясының иегері. Мектеп оркестірінің құрамындағы қобызшы, «Нұр Алтын» би ансамбілінің бишісі, «Забота» қайырымдылық клубының баспасөз хатшысы, «Model United Nations» бірлестігінің төраға көмекшісі.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, конференция