Бұл туралы 24.kz тілшісі хабарлады.

Қызыл жалынды куәгерлер видеоға түсіріп алған. Өрт сөндіру қызметінің хабарлауынша, өрт ошағына жақын орналасқан аумақтардан тұрғындар эвакуакцияланды. Жалынды ауыздықтауға жүзге жуық өрт сөндірушілер мен 28 дана техника жұмылдырылған. Өткен жылдағы қайғылы оқиға биыл мамандардың шұғыл әрі жылдам әрекет етуіне түрткі болса керек.

Еске сала кетейік, 2018 жылдың шілдесінде өрттің тез тарау салдарынан Афин маңындағы елді мекендерде жүзден астам адам көз жұмған еді. Ол кезде тұрғындардың өліміне жергілікті билікті кінәлаған болатын. Себебі Мати қаласының әкімшілігі құтқару, өрт сөндіру жұмыстарын баяу жасаса керек.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: