Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.

Біріккен күрес әлемі (UWW) Нұр-Сұлтандағы әлем чемпионатында әрбір салмақ бойынша алғашқы алты орынға ие болғандарға 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиада ойындарының үлестірелетінін хабарлаған.

Бүгін грек-рим күресінен екі балуанымыз жартылай финалға шығып жолдамаға қол жеткізді.

Алдымен, 60 келіде белдесетін Мейрамбек Айнағұлов ие болды.

Ол ширек финалда хорватиялық Иван Лизатовичті 10:0 есебімен таза жеңді.

Екінші жолдама 77 келідегі Асхат Ділмұхамедовқа бұйырды. Ширек финалда Асхат Ділмұхамедов сербиялық балуан Виктор Немешті 4:3 есебімен жеңіп, өз жеріміздегі әлем біріншілігінің жартылай финалына өтті.

Осылайша, Қазақстан спортшылары Токио-2020 Олимпиадасына 14 лицензия жеңіп алды. Атап айтар болсақ, Мейрамбек Айнағұлов (грек-рим күресі), жүзуден Дмитрий Баландин (100, 200 метрге брасс әдісімен жүзу), Екатерина және Александра Немич (синхронды жүзу), жеңіл атлеттер Ольга Рыпакова мен Георгий Шейко, велоспорттан Евгений Гидич, садақ атудан Қазақстан құрамасы (жекелей сынға Денис Ганькин, Ильфат Абдуллин және Санжар Мұсаев қатысады), спорттық құзға өрмелеуден Ришат Хайбуллин және ашық суда жүзуден Виталий Худяков Олимпиадаға жолдама алды.

pavlodarnews.kz

Тэги: