Пленарлық сессияға Павлодар облысы әкімінің орынбасары Асхат Оралов, ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ басқарма төрайымы, ҚР Президенті жанындағы жасыл экономикаға көшу жөніндегі кеңес мүшесі Салтанат Рақымбекова қатысуда.

- Заманауи өмірде әйел адамның рөлі ерекше маңызға ие. Өйткені олар отбасының тірегі болып отыр, - деді Асхат Оралов. – Сондықтан біздің елімізде әйел адамдардың барлық салаға араласуына мүмкін жағдайдың бәрі жасалған. Әйел адамдар құрған және басқаратын кәсіпорындардың саны жыл сайын артуда. Бүгінде өңіріміздегі ұйымдар мен кәсіпорындардың жартысынан көбін әйел адамдар басқаруда. Облыстағы жергілікті атқарушы органдардың 37 пайызын нәзік жандылар  жетекшілік етеді. Олардың жартысынан көбі ауылдық жерлерде тұрады. Екінші жыл қатарынан ауыл әйелдері форумы Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссияның қолдауымен өткізілуде. «Әйел әр отбасының тірегі, олай болса ол мемлекеттің де тірегу болып саналады» деп Елбасымыз атап көрсеткен. Яғни жастар мен келешек ұрпақ тәрбиесі – әйел адамға жүктелетіні анық. Бүгінгі форумның жұмысына сәттілік тілеймін!

Сондай-ақ, 2019 жылдың қараша айында Қазақстан ауыл әйелдерінің екінші форумының делегаттары болатын, түрлі номинациялар бойынша өңірден шыққан лауреат-әйелдер өз табыстары туралы ойларымен бөлісуде.

Форумды ұйымдастырушылар - Павлодар облысының әкімдігі, «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ, G-Global-дың халықаралық хатшылығы, «Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағы» ЗТБ, Coca-Cola халықаралық қоры.

Ақбота Сейсенбаева

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, ауыл әйелдерінің форумы, әйелдер, форум