Бұл туралы ауыл әйелдерінің аймақтық форумында ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның мүшесі, «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ басқарма төрайымы, ҚР Президенті жанындағы жасыл экономикаға көшу жөніндегі кеңес мүшесі Салтанат Рақымбекова айтты.

 - Ол үшін ауқымды қаражат пен академиялық білімнің қажеті жоқ, - дейді Салтанат Рақымбекова. - Бастысы, мақсат пен талпыныс болу керек. Бизнес жобаларын құрастыруға аудандық әкімдіктер мен кәсіпкерлер палатасы көмектесе алады. Бұл жерде адами фактор болмайды. Жобаларды http://ccb.kz/ сайтында тіркейді. Байқаудың қорытындысы 7-8 қарашада Нұр-Сұлтан қаласында ауыл әйелдерінің ІІ форумында шығарылады. Жыл сайын 10 жобаға 4000 АҚШ доллары ұсынылады. 

Спикердің айтуынша, Павлодар облысы – ауыл әйелдерінің аймақтық форумы өткізілген жетінші өңір. Мұндай шараларда ауылдың тұрақты дамуы және жұмыспен қамту, бизнес ашу, жасыл технология сияқты көптеген тақырыптар қамтылып, шешу жолдары қарастырылады. Жобаларды жүзеге асыру әдістері талқыланады.

Негізгі міндет – халықтың әл-ауқатын арттыру. Өте белсенді әрі жаңа инновацияларды енгізуге құштар жандар үшін барлық ақпарат ашық және көптеген қызықты жобалар ұсынылады.

«Жасыл экономиканы қолдау» мен G-Global-ды дамыту коалициясының» атқарушы директоры Асхат Сүлейменов аталмыш байқаудың шарттарымен таныстырып өтті.

- «Coca-Cola Белестері» жобасы 2013 жылдан бастап жүзеге асырылып келеді, - дейді ол. - Бүгінгі таңда 51 әйел жеңімпаз атанып, 4000 АҚШ долларын ұтып алған және 120-ға жуық жаңа жұмыс орындарын ашқан. Биыл байқау қазан айына дейін жалғасады. Он әйел жеңімпаз атанады. 1,5 млн теңге аздық етсе, онда бұл кепілідік ретінде бастапқы жарна болуы мүмкін. Өз істерін бастау үшін өте қолайлы. Сонымен қатар, олардың ішіндегі көзге түскендерін шетелге өз есебімізден шығарамыз. Биыл маусым айында 12 әйел Пекин қаласында өткен көрмеге қатысты. Келесі жылы Дубайға бару жоспарланып отыр. Ауыл әйелдерінің республикалық форумы алғаш рет елордада өткен болатын. Ауылдағы қарапайым әйелдерді мемлекеттік органдарға таныстырып, жетістіктерімен бөліскіміз келеді. Ауыл адамдарының әлеуметтік деңгейі мен мәселелері күрделірек екені жасырын емес. Сондықтан ауылдың басты мәселелерін көтеру қажет. Республика деңгейінде көптеген бағдарламалар бар, бірақ ауылдағы әйелдерге ақпарат жетпей жатады. Сондықтан осындай форумдар арқылы Павлодар облысының ауыл әйелдерін белсенді қатысуға шақырамыз.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: автор

 

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам