Қалалық тұрғын үй инспекциясы басшысының орынбасары Нұрлан Рашитовтің жеткізген ақпаратына сүйенсек, Павлодарда осындай ПИК-тердің саны 20-ға тең.

- Олардың атаулары жұртқа белгілі, - дейді Нұрлан Рашитов. – Басым бөлігі былтырғы жылыту маусымына нашар дайындалғандар. Атап өтсек, «Березка» ПИК, City Group ЖШС, «Магнат ПВ» ЖШС және басқалар.

Нұрлан Рашитовтің айтуынша, қазіргі кезде облыс орталығында тұрғын үйлерге қызмет көрсететін 132 басқарушы ұйым бар. Оған қоса, 121 үй өз-өзіне қызмет көрсетеді.

Қалалық тұрғын үй инспекциясы басшысының орынбасарының сөзіне қарағанда, былтыр жеткілікті деңгейде жылытылмаған 30 шақты көпқабатты үйлердің көпшілігінің мәселесі шешілген. Дегенмен, жұмыс көлемінің көптігінен «Павлодар жылу желілері» ЖШС Ак. Шөкин, 87, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 81 және 279 үйлердегі күрделі жөндеу жұмыстары кешеуілдете аяқталады.

Айбек Жұматов

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: ПИК, ТҮКШ, жылыту маусымы