- Олардың 18213-і әйелдер және 6000-нан астам ауылдық жерлерде тұрады, - дейді облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Жанар Алтыбаева. – Жаңа механизмдер бойынша атаулы көмек 2019 жылдың 1 сәуірінен басталды. Өткен жылмен салыстырғанда аталған көмекті алушылар саны алты есеге артты.

Басқарма ұсынған ақпартқа сәйкес, жергілікті өкілетті органдардың шешімі бойынша қалалар мен аудандарда халықтың осал топтарына жататын әйелдерге қосымша әлеуметтік көмек көрсетіледі.

Мұндай бір реттік әлеуметтік көмекті орташа жан басына шаққандағы күнкөріс деңгейінен төмен, жүктілік бойынша 12 аптаға дейін есепте тұрған 329 әйел жалпы сомасы 9,5 млн теңгеге алған. Оның ішінде мүмкіндігі шектеулі жандар да бар.

Мектепке баратын төрт және одан да көп бала тәрбиелеп отырған аз қамтылған және көп балалы 249 отбасы үшін мектепке дейінгі ұйымдарда 6,9 млн теңге, церебралды сал ауруымен зардап шегетін балаларды тәрбиелеп отырған 360 отбасына 20 млн теңге төленген.

Мүмкіндігі шектеулі жандар күніне орай жылдағы дәстүр бойынша 14 мыңнан астам тұрғын үшін 100 млн теңгеге жуық қаржы қарастырылған. Оның ішінде кәмелеттік жасқа толмаған балаларды тәрбиелеп отырған 430 жарымжан адам үшін бір жолғы төлем қарастырылған.

 

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, атаулы әлеуметтік көмек, Павлодар облысы