Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Аталмыш факті Бәйімбет орман шаруашылығының 46-шы орамдағы ерекше қорғалатын табиғи аумағында тіркелді. Бұрын сотты болмаған Шығыс Қазақстан облысының 48 жастағы тұрғыны Жаңа жылға ерте дайындалуды ұйғарған. Тексеріс жүргізу барысында полицейлер көршілес облыстан келген «қонақты» ұстап, айғақ заттар тәркіленді, - дейді департаментте.

Осы оқиғаға қатысты ҚР ҚК-нің 188-б., 1-б., 340-б., 3-б., 4-т., сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Ұсталған адам ағашты өз пайдасына жаратпақ болғанын айтады.

 

Фото: ашық дереккөздерден

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, ұрлық, Павлодар облысы