Бұл туралы ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек оңтүстік бөлігінде атмосфералық фронттардың әсерінен түнде және таңертең жаңбыр жауады. Республиканың кей өңірлерінде тұман түсіп, жел екпіні 15-20 м/с жетеді. Оңтүстікте шаңды дауыл тұрады.

Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді. Жамбыл облысының кей аймақтарына тұман түседі. Қызылорда облысының күндіз кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі.

Түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.
Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік-батыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Шығыс Қазақстан облысында өте жоғары өрт қаупі сақталады.

pavlodarnews.kz

Тэги: