Бұл туралы BAQ.KZ Sports.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.

«Сіздерден қарсыласымды да қолдауларыңызды сұраймын. Ол —  мықты жігіт. Бұл жекпе-жек екеуміз үшін де  сынақ болмақ. Осындай мүмкіндік берген Құдайға алғыс айтамын. Әрине, бұл адамдарға, бокс жанкүйерлеріне үлкен сый болмақ. Қазір бокс үшін, мен үшін, барлығы үшін тамаша кез. Жақсы жекпе-жек өтеді. Боксшы ретінде Big Drama Show болатынына сөз беремін! Барлығына рақмет!" — деді Головкин.

Геннадий Головкин мен Сергей Деревянченко арасындағы жекпе-жек 6 қазан күні таңертең Нью-Йорктегі Madison Square Garden аренасында өтеді. Жекпе-жекте ортақ салмақ дәрежесінде IBF және IBO бос титулдары ортаға салынады.

pavlodarnews.kz

Тэги: