Өңірлік сенбілік күні Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов Зеленстрой шағын ауданында болды. Аймақ басшысы шағын ауданды көркейтуге ерекше назар аударуды сұраған тұрғындармен кездесті. Олардың қатарында бір апта бұрын облыс әкімінің «Nur Otan» партиясындағы қабылдауына келген Галина Шторм болды.

- Біздің кент тұрғындары үшін ең маңызды мәселе – су құбыры, - деді Галина Шторм. – Зеленстройдағы кейбір құбырлар қараусыз қалуда. Бірақ бізге оларды есепке алады деп уәде берді. Бұл мәселе тез арада шешілгенін айта кетуім керек. Енді орталық су жүйесіне ешқашан қосылмаған үйлерге тез арада су жеткізу маңызды.



Шағын ауданда жаңа сумен жабдықтау жүйесін салумен «Ай-Су Мелиорация» ЖШС айналысады. Мердігер 21 шақырым желіні салу арқылы жұмысты дерлік аяқтады. Қазір жобалық-сметалық құжаттамада болмаған көшелерге су құбырын тарту мәселесі шешілуде.



Облыс әкімінің айтуынша, шағын ауданның қалған бөлігін сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге қаржы бар. Құрылысты бастау үшін орындалуы керек конкурстық рәсімдер мәселесі қалды.

- Біз дүйсенбіде жиналыс өткізіп, нақты шешім қабылдап, жыл соңына дейін бұл мәселені шешуге тырысамыз, - деді Болат Бақауов. – 2020 жылдан бастап біз Павлодардың барлық шет аймақтарындағы жұмысты қолға аламыз. Бұл Зеленстрой, Екінші Павлодар, МДС, Радио зауыты, сондай-ақ Ленин және Темір жолшылар кенттері мен Мойылды ауылына қатысты. Біз осы аумақтардағы тұрғын үйлердің мәселелерін шешуді жүйелі түрде қараймыз.



Сенбілік аясында Зеленстройдағы тазалыққа қала және облыс әкімдіктерінің қызметкерлері шықты. Шағын ауданнан 10 жүк көлігімен тұрмыстық қоқыс пен жапырақтар шығарылды.

Дулат Райымбек
Фото: Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, шағын аудан, сенбілік, су құбыры