Павлодар облыстық полиция департаментінің мәлімдеуінше, 6 қазанда тәртіп сақшылары Лермонтов көшесі, 50 мекенжайындағы ағаштың айналасын біреу цементтегенін анықтаған. Ереже бұзушылық № 2 оқу-өндірістік комбинатының кіреберісіне жақын жерде анықталды.

- Оқу-өндірістік комбинатының директорына қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505-бабы бойынша хаттама толтырылды және 30 АЕК (75 750 теңге) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды, - деді департаменттің баспасөз қызметінде.

Учаскелік полиция инспекторларының араласуынан кейін ағаштың айналасы ретке келтіріліп, цемент алынып тасталды.

Дулат Райымбек
Фото: ПД

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, ОӨК, әкімшілік айыппұл, ағаш, абаттандыру, ПД