Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Сағат 9.27-де № 6 өрт сөндіру бөлімінен 70 шақырым қашықтықта «Элит Пластик Екібастұз» ЖШС-нің аумағында шлактан құйылған фермерлік базаның қабырғалары мен төбесі жанып кетті. № 6 өрт сөндіру бөлімінен үш адам мен бір автоцистерна, Алакөл өрт сөндіру бекетінен бір автоцистерна мен екі адам, Төртүй ауылынан ерікті өрт сөндіру құрылымдарынан 15 адам, «МТЗ-80» тракторы тілсіз жауды толығымен сағат 15.31-де ауыздықтады.

Бұдан бөлек, Ақтоғай ауданында шаруашылық алаңындағы құмды блоктан қаланған көмір сақтау қоймасының ағаш жабындылары тұтанып, жалын 80 шаршы метр аумақты шарпыған.

Салдарынан ішінде тұрған 5 текше метр отын мен 1,5 тонна көмір жанып кеткен. Сондай-ақ, жалын 80 шаршы метр ағаш шөп қоймасын қамтыған.

Өрт сөндірушілер көлікжайдан «Волга» маркалы жеңіл көлікті сыртқа алып шықты. Оқыс жайттың орын алуына тұрғындардың отты абайсыз қолдануы себеп болған. Оқиға орнында № 15 өрт сөндіру бекетінен 3 адам мен бір автоцистерна жұмыс істеді.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ашық дереккөздерден

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, өрт, оқиға