Облыстық ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғыны өз танысынан ойын приставкасы мен ұялы телефонын алып кеткен.

- Үй иесі аталған заттардың жоғалғанын анықтаған кезде бірден полицияға хабарлады, - деді департаментте. – Жедел іздестіру іс-шарасы барысында 33 жастағы әуесқой ұсталды. Шығын 200 мың теңгені құрайды.

Сондай-ақ, саяжай учаскелерінің бірінде қаскүнемдер тапқырлық танытып, өте ерекше тәсілмен кірген. Үй иесінің жоқтығын пайдаланған олар қабырғаны сындыру арқылы ішіне кіріп, 200 мың теңгені ұрлап кеткен.

Аталған фактілерге қатысты ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, ұрлық, заң