Бұл туралы BAQ.KZ тілшісі  мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Қораптарда "СТЕКЛО" деген жазуы бар аспашам түрінде жасырынған, ҚР аумағына әкелуге тыйым салынған жалпы салмағы 60 кг. болатын қытай дәрі-дәрмектері ұсталды және тәркіленді. Сонымен қатар, жалпы салмағы 370 кг болатын 18 500 қорап (370 000 дана) "Cavallo" және "Milano" маркалы темекі өнімдерін ұстады.

Сонымен қатар, сол күні, кедендік бақылауды жүзеге асыру барысында "Rapiscаn" рентген аппаратынан Өзбекстан Республикасының азаматынан өткізу кезінде Қазақстан Республикасының арнайы органдарынан рұқсат талап етілетін "Baofeng" маркалы 52 дана рация анықталып, ұсталды.

Қазіргі таңда аталған істің барлық мән жайы мен тауарлардың кедендік құны анықталуда. Содан кейін барлық қатысы бар тұлғалар қолданыстағы заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылатын болады.
BAQ.KZ

pavlodarnews.kz

Тэги: