Бұл туралы Zakon.kz хабарлайды.

- Ол - Павлодарда, қазір онымен құқық қорғау органы өкілдері сөйлесіп жатыр. Корей жағы бұл жағдайда қатысты тиісті құжаттарды бізге жіберді, - деді ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.

ҚР Сыртқы істер министрлігі корей тарапынан келіп түскен құжаттарды Бас прокуратураға тапсырған.

"Бұл мәселе заңды жолмен шешілетін болады", - деді Смадияров. Оңтүстік Кореядағы жол-көлік оқиғасына себепкер қазақстандықтың 1999 жылғы екені ғана, әзірге белгілі.

Айта кетсек, 16 қыркүйекте Оңтүстік Кореяда көлік тізгіндеген тағы бір жерлесіміз жеті жасар баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен. Келесі күні ол Кореядан Өзбекстанға ұшып кеткен. Жол апатына ұшырап, ауруханаға түскен баланың қазір беті бері қарап, денсаулығы жақсарған.

pavlodarnews.kz

Тэги: