Бұл туралы агенттікке полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Ер адам көрші балкон арқылы өз пәтерінің балконына кірмек болған. Аталған факті тіркеліп, сараптама тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деді баспасөз қызметінде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, құлау салдарынан ер адам көз жұмған.

Сондай-ақ,  сол күні сағат 00:53-те Екібастұз қалалық ауруханасына екі аяғы сынған 37 жастағы ер адам жеткізілді.  Ол екінші қабаттан құлаған.

 

Фото: ашық дереккөздерден

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам