8 қазан күні республиканың тек батысында, оңтүстік-шығысында және оңтүстіктің таулы аймақтарында атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сүйене отырып.

 Кей жерлерде республика бойынша тұман түсіп, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Батыс Қазақстан, түнде Атырау, таңертең Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлеріне тұман түседі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында, күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с жылдамдықпен ұйтқиды. Түркістан облысының басым бөлігінде, Қызылорда облысының шығысында, Жамбыл облысының солтүстік-батысында, Қарағанды облысының батыс және оңтүстік-шығыс бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-шығыс бөлігінде өте жоғары өрт қауіпі сақталады.

pavlodarnews.kz

Тэги: