1986 жылы оған қыз баланы өлтірді деген айып тағылды, - деп хабарлайды  tengrinews.kz  Medialeaks-ке сілтеме жасап.

 Негізінде ол есірткі сатушы екі топтың жанжалы салдарынан қаза тапқан. Алайда қылмысты Марк есімді жігіт істеді деп, өмірбойына бас бостандығынан айырған.  Марк Шанд жас кезінде. © Springfield Police Кейінірек Марк Шандқа қарсы куәгер болған адамдар өз сөздерінен айнып, оның кінәлі еместігі туралы айта бастаған. Кейбіреулері мүлде өз сөзінен бас тартқан.  27 жыл өткенде тергеушілер істі қайта қарап шыққан. Соның нәтижесінде олар Марктың еш кінәсі жоғын анықтаған. Ер адамды бостандыққа шықты. Ол моральдық өтемақы талап етті. Заң оның жағына шықты.  Марк Шанд. © New England Public Radio Маркқа 27 миллион доллар беру үкімі шықты.

Оның адвокаты осы сомаға қанағат тұтты, бірақ оның айтуынша текке өткен 27 жылды ақшамен жуып-шаюға келмейді.  Марк болса, ақша алғаны үшін емес, арының тазарғанына мәз. Қомақты сома да оның өмірін жеңілдететіні анық. Ол бұрыннан "өз кәсібім болса" деп армандайды екен.  

pavlodarnews.kz

Тэги: