Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрлан Садыбеков мәлім етті.

- Жыл сайын шөптің бағасы өзгеріп отырады, - дейді Нұрлан Садыбеков. - Мысалы, өткен жылы бір тіркеме шөп 15-20 мың теңге тұратын. Ал, биылғы жылғы құнын әзірге білмеймін. Қолайлы ауа райының арқасында шаруалар бір жарым жылдық шөп қорын дайындауға қол жеткізді.

Басқарма ұсынған мәліметке сүйенсек, алдағы қысты сәтті өткізу үшін облыста 911,5 мың тонна шөп, 201,6 мың тонна сабан, 118,7 мың тонна сүрлем және 54,5 мың тонна пішендеме дайындау қажет.

Еске сала кетейік, өңірде жалпы көлемі 1341 мың тонна (174 пайыз) және дайындау орындарына 965 мың тонна тасымалданады. Орташа өнімділігі гектарына 8,3 центнерді құрайды.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам