ПМУ баспасөз қызметі хабарлағандай, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің сарапшы-саясаттанушылары «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының жетекшілері мен өкілдері үшін «Саяси үрдістерді басқарудың теориясы мен практикасы» тақырыбы бойынша шеберлік сағатын өткізді.

- Шараға бастауыш партия ұйымының 70-тен астам өкілі қатысты, - деп хабарлайды ПМУ баспасөз қызметі. – Олар теориялық білім алудан бөлек, тәжірибелік дағдыларын молайтуға мүмкіндік алды. Партиялықтар топтарға бөлініп, тәжірибелік ойындарға қатысты.

Интерактив форматындағы ойындар кезінде елімізде болып жатқан үрдістер ой елегінен өткізіліп, партиялардың халықаралық тәжірибесін білуге негіз болды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Nur Otan, Нұр Отан, партия, ПМУ