Әсемгүл Балташеваның айтуынша, бұл бестікке мекенжай анықтамасы, жылжымайтын мүліктің болмауы (болуы) туралы, жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы, БЖЗҚ салымшысы қаражатының түсуі және қозғалысы туралы ақпарат және соттылықтың болуы немесе болмауы туралы сияқты анықтамалар енген.
«Анықтамалар рейтингі» арнайы жүргізілген талдау нәтижесінде анықталған.

- Талдау барысында биылғы жылдың 8 айында павлодарлықтар ХҚО-дан 197 мыңнан аса мекенжай анықтамасын, жылжымайтын мүліктің бар/жоқ екендігі туралы 33 мыңға жуық анықтама және жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) және оның техникалық сипаттамалары туралы 41 мыңнан астам анықтама сұратқаны анықталды. Ал, Қазақстандықтар 8 айдың ішінде 4,5 млн астам мекенжай анықтамасын алған. Бұл электрондық үкімет порталы және телеграмм-бот арқылы өз бетінше алынған анықтамаларды есепке алмағанда қазақстандықтардың ХҚО-ға келіп алған анықтамаларының көрсеткіші, – деп нақтылады Әсемгүл Балташева.

Еске сала кетейік, бұған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Асқар Жұмағалиев мекенжай туралы анықтаманы жою туралы бастама көтерді.

Нәтижесінде 1 қарашадан бастап Қазақстанда мекенжай анықтамасын беру мемлекеттік қызмет ретінде қысқартылады, яғни енді азаматтар өзінің тіркелген орнын тек egov.kz электрондық үкімет порталындағы жеке кабинеттен тексере алады.

Сонымен қатар, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы ведомствоаралық комиссияның қарауына тағы 28 анықтаманы мемлекеттік қызмет тізілімінен алып тастауды ұсынды.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, ХҚО, анықтама