Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі хабарлайды.

СҚО әкiмдігінен мәлім еткендей, аймақ басшысы Құмар Ақсақалов жұмыс сапарымен Мағжан Жұмабаев ауданына барды.

Қ.Ақсақалов өндiрiстiк, бизнес және спорт нысандарын аралап көргеннен кейін ауданның дамуына арналған жиын өткізді.

«Облыс әкiмi Қарақоға ауылының жанындағы шекара бекетiне де барды. Мұнда күрделi жөндеу жұмыстары аяқталуда. Бекетте жүк көлiктерiне арнайы жолақтар қойылуда. Осының арқасында жүк және жеңiл автокөлiктердiң ағынын ажыратып, кезектi қысқартуға болады», - деді әкімдіктен.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: