Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Сағат 14.03-те Мәшһүр Жүсіп көшесінде тоғыз қабатты үйдің бірінші қабатындағы екі бөлмелі пәтерде 1,5 шаршы метр аумақта жиһаздар жанған. Оқиға орнына шыққан Екібастұз қаласының жедел құтқару жасағы пәтердің есігін ашып кіріп, 1973 жылғы адамды құтқарып қалды, - дейді департаментте.

Ер адам «Ауыр дәрежеде суррогатпен уланған» диагнозымен қалалық орталық аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. Қазіргі таңда жағдайы қанағаттанарлық деп бағалануда. Ауруханада тиісті сараптамалар тағайындалған.

Құтқарушылар келгенге дейін өрт тіркелген тұрғын үйден 20 адам өздігінен сыртқа шыққан.

Алдын ала мәліметтер бойынша, қасақана өрт қойылған болуы мүмкін. Өрт салдарынан келтірілген шығын көлемі анықталуда. Аталмыш фактіге қатысты шешім полиция бөліміне тапсырылған.

№ 2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінен бес адам мен бір автоцистерна, № 6 өрт сөндіру бөлімінен үш адам мен бір автоцистерна тілсіз жауды жарты сағаттың көлемінде сөндірген. Сондай-ақ, газ-түтіннен қорғау бөлімі жұмыс істеді.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: ашық дереккөздерден

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, өрт, оқиға