Байқау бес номинациядан тұрды. «Шеф-кондитер» номинациясында Павлодар сервис және тамақтандыру колледжінің өндірістік оқыту шебері Евгения Дяткова алтын медальмен және І дәрежелі дипломмен марапатталды.

- Біздің шебер Евгения Дяткова колледждердің өндірістік оқыту шебері-кондитерлері арасында номинацияға қатысты, - деді Павлодар сервис және тамақтандыру колледжінің жетекшісі Гүлмира Шұғабаева. - Екінші орынды Екатеринбургтен келген қатысушы, үшінші орынды алматылық  иеленді.

Евгений Дяткова байқауға салмағы 7800 келі тартатын «Лили» үш қабатты инновациялық авторлық тортын дайындады. Ол суфле  шифон бисквитінен тұрады, «Амбре» техникасында шикі креммен безендірілген, төменгі қабаты - шие қосылған шоколад, ортаңғы бөлігі – апельсин мен сәбіз, жоғары қабаты - манго және маракуйя  қосылған шифон бисквиттен.

- Тортты дайындау үшін Евгения Дяткова 12 сағат  жұмсады, - деді колледж басшысы. - Бұл сағат  8:00-ден 20:00-ге дейін созылған күрделі процесс болды. Торт өнімдеріне колледж есебінен 50 мың теңге жұмсалды. Конкурста жабдықтар мен ыдыстар берілді. Алтын жеңіп алған Евгений Дяткованың торты «Солнечный мир» қоғамдық қорының даун синдромы бар балаларына  тапсырылды.

Сонымен қатар, Павлодар сервис және тамақтандыру колледжінің үшінші курс студенті Ренат Әубәкір және Рамазан Әлсейітов «Сервис класс» номинациясы бойынша 16 қатысушы арасында екінші орынға ие болды. Олар «бармен-даяшы» мамандығы бойынша оқиды. Бұл жерде  студенттер бар ісі, үстел жабдықтау, клиенттерге қызмет көрсетe және шараптың дәмін тату бойынша өз білімдерін көрсетті.

Байқау соңында барлығы медаль және дипломдармен марапатталды.

Гүлмира Шұғабаеваның айтуынша, колледж оқытушылары мен студенттері республикалық және халықаралық деңгейдегі конкурстарға үнемі қатысады. Қазір олар қараша айында Нұр-Сұлтанда өтетін  ең басты байқау - WorldSkills Ұлттық чемпионатына дайындалуда.

Фото: Павлодар сервис және тамақтандыру колледжі

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, білім